ҚМГ БӨ 2017 жылдың 1 тоқсанындағы операциялық нәтижелері

 

Астана, 25 сәуір 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелерін жариялайды.

Өндіру
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2017 жылдың 1-тоқсанында 2 904 мың тонна (тәулігіне 238 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға кем.  Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі негізінен ПҚИ-да өндіру деңгейінің табиғи жолмен сарқылуына және ӨМГ-де пайдалануға берілген ұңғымалардың аз көлеміне байланысты, бұл Компанияның ағымдағы жоспарына сәйкес келеді. 2016 жылдың нақты өндіру деңгейінен сәл жоғары болып табылатын, 12,2 млн тонна мөлшеріндегі жоспарлы шоғырландырылған өндіру деңгейіне жету үшін ӨМГ бойынша ұңғымалардың ауыспалы қорына қосымша геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізудің қажетті көлемі жоспарланып отыр.
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 335 мың тонна (тәулігіне 109 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға кем, ең бастысы тәуліктік өндірудің төмен деңгейіне, пайдалануға берілген ұңғымалардың және геология-техникалық іс-шаралардың аз көлеміне байланысты болды. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 691 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2%-ға төмен. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 026 мың тоннаны (тәулігіне 166 мың баррель) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем түсті.
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2017 жылдың 1-тоқсанында 878 мың тоннаны (тәулігіне 72 баррель), құрады, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 8%-ға кем, негізінен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен сарқылуына байланысты орын алды.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату
2017 жылдың бірінші тоқсанында ӨМГ және ЕМГ-нің мұнай сату көлемі 1939 мың тоннаны (тәулігіне 156 мың баррель) құрады, соның ішінде 1 284 мың тонна (тәулігіне 103 мың баррель) шикі мұнай экспортқа, бұл жалпы сату көлемінің 66% құрайды; және 655 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді. ӨМГ мен ЕМГ ресурстарынан ішкі нарыққа жеткізу көлемі 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы 40%-бен салыстырғанда, 2017 жылдың бірінші тоқсанында  34%-ды құрады.
ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жеткізген 655 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнайдың 520 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 135 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель)  Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.
2017 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімдерін сату мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 641 мың тонна мұнай өнімдерін құрады. Мұнай өнімдерін сату көлемдері бойынша барынша толық ақпарат №2-кестеде көрсетілген.
ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемінің үлесі 871 мың тонна мұнайды (тәулігіне 72 мың баррель) құрады, оның 375 мың тоннасы (тәулігіне 30 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 43%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 496 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) өткізілді.

2Р санатындағы сұйық көмірсутегінің жалпы қорлары
ҚГМ (50%), CCEL (50%) және ПҚИ (33%) компанияларының «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) санаты бойынша сұйық көмірсутегі жалпы қорларында ҚМГ БӨ-нің үлесі 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша 37 млн тоннаны (266 млн баррель) немесе Компанияның жалпы шоғырландырылған қорларының 21%-ын құрайды. 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіш 41 млн тоннаны (294 млн баррель) немесе Компанияның шоғырландырылған қорларының 21%-ын құрайды. Бірлескен кәсіпорындарының қорларын бағалауды қорлар жөніндегі тәуелсіз аудиторлар дербес жүргізеді[1].
Бұған дейін хабарланғандай, ДеГольер есебіне сәйкес ҚМГ БӨ-нің ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлесін есепке алмағанда, 2016 жылдың 31 желтоқсанында 2P санаты бойынша сұйық көмірсутегі қоры 145 млн. тоннаны (1 061 млн. баррель) құрады.
Осылайша, ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ-нің үлесін есептегенде, 2P санаты бойынша сұйық көмірсутегі жалпы қорлары 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 182 млн тоннаны (1 327 млн баррель) құрады.

№1-кесте. 2017 жылдың 1 тоқсанындағы мұнай өндіру және мұнай өнімдерін сату

 

мың тонна

 

тәулігіне мың баррель

 

2016

2017

ж/ж, %

2016

2017

Мұнай өндіру көлемі  

 

 

 

 

 

ӨМГ

1 387

1 335

-4%

113

109

ЕМГ

702

691

-2%

57

57

Барлығы ӨМГ мен ЕМГ 

2 089

2 026

-3%

171

166

ҚГМ, 50%

365

346

-5%

31

30

CCEL, 50%

265

261

-2%

20

19

ПҚИ, 33%

324

271

-16%

28

23

Барлығы бірлескен кәсіпорындар 

954

878

8%

79

72

Жалпы мұнай өндіру көлемі 

    3 043

   2 904

  —5%

    250

238

Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату көлемі         
ӨМГ және ЕМГ          
ОАС

639

719

13%

51

58

ҚКҚ

581

565

-3%

47

45

Экспорт

1 220

1 284

5%

98

103

АМӨЗ

580

520

-10%

47

42

ПМХЗ

250

135

-46%

20

11

Ішкі нарық 

830

655

-21%

67

53

Барлығы ӨМГ мен ЕМГ

2 050

1 939

-5%

165

156

Экспорт, %

60%

66%

 

 

 

Ішкі нарық, %

40%

34%

 

 

 

ҚГМ (50%)          
Экспорт

144

66

-54%

12

6

Ішкі нарық

220

279

27%

19

24

Барлығы ҚГМ

364

345

5%

31

30

CCEL (50%)

 

 

 

   
Экспорт

283

230

-19%

21

17

Ішкі нарық

0

23

100%

0

2

Барлығы CCEL

 283

253

-11%

21

19

ПҚИ (33%)

 

 

 

   
Экспорт

132

79

-40%

11

7

Ішкі нарық

187

194

4%

16

17

Барлығы ПҚИ

319

273

14%

27

24

Барлығы бірлескен кәсіпорындар 

 

 

 

   
Экспорт

559

375

-33%

45

30

Ішкі нарық

406

496

22%

35

42

Барлығы бірлескен кәсіпорындар

965

871

-10%

80

72

Экспорт, %

58%

43%

 

 

 

Ішкі нарық, %

42%

57%

 

 

 

 №2-кесте. 2017 жылдың 1 тоқсанындағы мұнай өнімдерін өндіру және сату 

Мұнай өнімдері

Өндіру 

 

Сату 

мың тонна 

АМӨЗ

ПМХЗ

Барлығы

 

АМӨЗ

ПМХЗ

Барлығы

Бензин Аи-80

8,19

5,81

14,00

 

8,16

7,53

15,69

Бензин Аи-92

53,73

33,99

87,72

 

54,14

36,74

90,88

Бензин Аи-95

5,42

2,59

8,00

 

11,59

2,78

14,36

Дизель отыны

138,83

50,51

189,34

 

136,83

48,61

185,44

Әуе отыны

4,24

4,24

 

3,38

3,38

Ақшыл түсті мұнай өнімдерінің жиыны 

210,41  

92,89  

303,30  

 

214,09  

95,67  

309,76  

Вакуумдық газойль

92,00

92,0

 

84,09

84,09

Мазут

154,37

24,50

178,88

 

159,17

25,01

184,18

Битум

 

Қара түсті мұнай өнімдерінің жиыны 

246,37  

24,50  

270,88  

 

243,25  

25,01  

268,26  

Сұйытылған газ

6,53

8,74

15,27

 

6,53

10,19

16,72

Пеш отыны

7,32

7,32

 

7,48

7,48

Күкірт

0,27

0,92

1,19

 

0,66

0,66

Кокс

15,08

6,50

21,59

 

14,11

22,29

36,40

Бензол

1,14

1,14

 

1,23

1,23

Басқалары

0,19

0,19

 

Басқа да мұнай өнімдерінің жиыны

30,35  

16,36  

46,71  

 

30,01  

32,48  

62,49  

Шығындар

32,87

16,41

49,28

 

Жиыны 

520,00  

150,16

670,16  

 

487,35

153,16  

640,51  

 АНЫҚТАМА 

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

source