ҚМГ БӨ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

 

Астана, 30 маусым 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, басқарма құрамына Дәулетжан Хасанов пен Қайырбек Елеусіновтың орнына өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қуанышбай Нұрғалиев және маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор Бекмұрат Найзабеков енді.

2017 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ басқарма құрамы: 

  • Құрманғазы Есқазиев, бас директор (басқарма төрағасы);
  • Дастан Абдулғафаров, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
  • Бекзат Абайылданов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Мәлік Сәлімгереев, бас директордың еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары;
  • Шейн Дрейдер, қаржылық директор – қаржылық бақылаушы;
  • Қуанышбай Нұрғалиев, өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор;
  • Бекмұрат Найзабеков, маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор.

АНЫҚТАМА
Қуанышбай
 Нұрғалиев ҚМГ БӨ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры лауазымын 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарады, бұған дейін ҚМГ БӨ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. Әр жылдары «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ҚМГ БӨ кен орындарын игеру департаментінің директоры, кен орындарын игеру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Еңбек жолын «Узеньмунайгаз» АҚ-да («Өзенмұнайгаз» ӨФ) мұнай мен газ өндіру операторынан бастап, департамент директорына дейін көтерілді. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетін тау-кен инженер-мұнайшы мамандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженер-геофизигі мамандығы бойынша бітірді. Мәскеу қаласындағы МИРБИС институтының мұнай-газ бизнесін басқару мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік шебері дәрежесін алды.  

Бекмұрат Найзабеков ҚМГ БӨ маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарады. Бұдан бұрын «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-де басшының сату және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ мен Argus Ltd-да түрлі лауазымдарда қызмет етті. Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша және Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірді. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің іскерлік әкімшілік шебері дәрежесіне ие.

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

source